Римде бүгін екі жарылыс болды
АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - Римде бүгіндікке екі жарылыс болды. Күндіз Швейцария елшілігінде бомба жарылса,
бірнеше сағаттан кейін Чили дипломатиялық миссиясында да осындай оқиға орын алды, деп хабарлайды РосБизнесКонсалтинг агенттігі.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, екі оқиғада да кісі құрбандығы болмаған, тек әр елшілікте бір-бір қызметкер жараланған. Бұл жарылыстар үшін жауапкершілікті әзірге бірде-бір ұйым мойнына алған жоқ. Басқа елшіліктерде күшейтілген қауіпсіздік шараларының қабылданып жатқан-жатпағаны туралы да ақпарат жоқ.
Италияның сыртқы істер министрі Франко Фраттини елшілік қызметкерлеріне көңіл білдірді.