Римде жолаушылар ұшағын найзағай соқты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ATR 72 жолаушылар ұшағы римдік Леонардо да Винчи әуежайына апатты жағдайда қонды. Әуе кемесіне жай түсіп, қозғалтқыштардың бірі істен шығып, оның шұғыл қонуына тура келген.

Римде жолаушылар ұшағын найзағай соқты

Жолаушылар, экипаж мүшелерінің ешбірі зардап шеккен жоқ.

Mistral Air компаниясына тиесілі ұшақ итальяндық Анкон қаласынан Римге бара жатқан, деп хабарлады ТАСС.

Ұшаққа найзағайдың түсуі - келе жатқан дауылдың белгісі. Италияда ескерту жарияланды: астаналық өңірде нөсер болады деп күтілуде. Мектептер, Колизей, Рим форумы сияқты туристер көп келетін көрікті жерлер жабылды.