Римма Волосенко лицензиялық турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

бокс
Фото: sports.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан әлемдік лицензиялық турнир өтіп жатыр.

Аталған сында 60 келіде шаршы алаңға шыққан Римма Волосенко алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді. Ол жауапты сында Тринидад Тобаго елінің өкілі Тианна Гуимен кездесіп, төрешілер шешімімен басым түсті.

Турнирдің бірінші күні шаршы алаңға шыққан Сәкен Бибосынов та жеңіске жетті. Ол Гонконг елінің өкілі Каннет Хин Чун Тамнан мерзімінен бұрын басым түсті. Енді Сәкен келесі кезеңде кениялық Каранджа Давид Мачариамен кездеспек.

Италиядағы лицензиялық турнир наурыз айының 11 дейін жалғасады. Әзірге Қазақстан боксшыларының арасында Париж Олимпиадасының жолдамасы ерлер арасында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен әйелдерден 57 келіде Карина Ибрагимоваға тиесілі екі жолдама бар.

Соңғы жаңалықтар