Римнің жаңа Папасын таққа отырғызу салтанаты 19 наурызда өтпек

Ол сондай-ақ папа бүгін таңертең кардиналдармен бірге Сикстин капелласында мінәжат өткізуі мүмкін деген болжам айтты. 2005 жылы сайланған бойда бұрынғы папа Бенедикт XVI да өз қызметін осылай бастаған болатын.
Бұл туралы РБК агенттігі хабарлады.
Таққа отыру мессасы кезінде Франциск І-ге папа билігінің жоғары белгілері - тұңғыш понтифик әулие Петрдің бұрын балықшы болғанын еске салатын балықшы сақинасы және басқа да қажетті рәсімдер жасалады.
Еске сала кетейік, кардиналдар конклавында Буэнос-Айрестің архиепископы иезуит Хорхе Марио Бергольо сайланып, Франциск деген папа есіміне ие болды. Х.М.Бергольо 1936 жылы 17 желтоқсанда Буэнос-Айресте итальян эмигранты, теміржол жұмысшысының отбасында дүниеге келді. Ол химия технигі дипломын алды, одан кейін Буэнос-Айрестегі Вилла Девото семинариясында оқыды. 1958 жылы 11 наурызда иезуиттер орденіне кірді. Бұдан кейін Буэнос-Айрестегі Қасиетті Иосиф колледжінде білімін жалғастырып, философия лицензиатын алды. Х.М.Бергольо - Аргентинаның Католик университетінің ұлы канцлері.