«Рина» дауылы Мексика жағалауына жақындап келеді
АСТАНА. 26 қазан. ҚазАқпарат - Юкатан жарты аралы жағынан келе жатқан «Рина» дауылы Мексиканың жағалауларына, әсіресе жағажайдағы курорттарға сел қаупін төндіріп, жақындап келеді.
Бұл туралы жергілікті БАҚ ақпаратына сілтеме жасай отырып Утро.ру агенттігі хабарлайды.
АҚШ-тың дауылдарды бақылау жөніндегі Ұлттық орталығының мәліметінше, «Рина» дауылы күшейіп, 27 қазанға қарай Юкатан жарты аралына жеткенде сағатына 179 шақырым жылдамдықпен соғатын қатты дауылға айналады.