Ринат Мухин Азиададағы жеңісінен кейінгі әсерімен бөлісті

САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді сыйлаған чемпионымыз жеңісінен кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Өздеріңіз көргендей, мен өз мықтылығымды дәлелдедім. Бұның барлығы қажырлы еңбектің нәтижесі. Мен жарысқа шығар алдында сәл қобалжығаным рас. Алайда, қандай жағдай болмасын жеңіске жетуім керек деп ойладым. Ақыры ойлағаным орындалды. Міне, бірінші болып ел қоржынына алтын жүлдені салдым. Бұл басқа спортшыларымызға да демеу болатыны сөзсіз. Маған қолдау білдіргендеріңізге, сенім артқандарыңызға рахмет»,- деді жарыстан кейін Ринат Мухин.

Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медальді сыйлаған чемпионымыз жеңісінен кейінгі әсерінде қолайсыз ауа райының жеңіске жетуіне әсер етпегенін де айтты, деп хабарлайды Саппородан ҚазАқпарат тілшісі.

"Бүгін мен жарысқа шығатын күні Саппороның ауа райы тосын мінез танытып, қарлы боранға басты. Бірақ, бұл менің жеңіске жетуіме кері әсерін тигізе алмады", деді чемпион.

Бүгін Саппоро қаласында қатты жел тұрып, түнімен жауған ұлпа қар ұшқындары кейбір спортшыларға қиындық әкеліп жатқаны анық. Алайда, біздің шаңғышымыз 15 шақырымдық қашықтықты ауа райының қолайсыздығына қарамастан бірінші болып басып өтті.

null 

Естеріңізге сала кетейік, кеше Елена Коломина күміс жүлдені жеңіп алса, бүгін ол тағы бір қоланы ел қоржынына салған болатын.

Бүгін қазақстандық спортшылар керлинг, шаңғы жарыстары, трамплиннен секіру, конький спорты, шорт-трек, шайбалы хоккейден өнер көрсетіп жатыр.

фото:Ізтұрған Алдауев 

Соңғы жаңалықтар