Ринат Зайытов жыршы-термешілер одағына жүйелі қаражат пен ғимарат сұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Үкіметтен Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағына ғимарат бөлуді сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Қазақ халқы үшін айтыс өнерінің орны әрқашан ерекше болған. «Сөз қадірін – өз қадірің» - деп түсінген дана халықымыз айтысты тек қана өнер емес, бір рулы елдің, бір аймақтың, қалаберді біртұтас мемлекеттің мүддесін қорғайтын пікір -талас алаңы деп таныған. Еліміз тәуелсіздік алғалы айтыс өнері ары тұра мемлекет қаржысынан ұйымдастырылатын айтыстар болмаса, мемлекеттен мардымды қолдау көрді деп айта алмаймыз. Уақыт сынағына қарамастан, айтыс өнері бүгінгі күнімізге қазақ халқының махаббаты мен демеуінің арқасында жоғалып кетпей жетті. Жетіп қана қоймай, 2012 жылдың 1 тамызында «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылған еді. Қазіргі таңда, одақ мүшелігінде 250-ге тарта айтыскер мен жыршы, термешілер бар. Одақ құрылғаннан бері 110 халықаралық және республикалық, 100-ден астам облыстық әрі аудандық айтыс өткізілді. 5 рет Республикалық жыршы-термешілер байқауын жеке кәсіпкерлердің көмегімен ұйымдастырған болатын», - деді Р. Зайытов Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгіновтің атына жолдаған сауалында.

Оның айтуынша, мұндай зор іс-шараларды жүзеге асырып отырған одақтың әлі күнге дейін бір тұрақты ғимараты жоқ.

«Алматы қаласынан Қазақстанның айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының атына тұрақты мекенжайы болып бекітілетін ғимаратпен қамтамасыз етуді сұраймын. Екіншіден, Мәдениет министрлігі жағынан жүйелі қаржыландыруды қамтамасыз етуді қарастыруды ұсынамын», - деді депутат.


Соңғы жаңалықтар