Рио-де-Жанейро карнавалы қатысушылар мен көрермендер санынан рекорд орнатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайын Рио-де-Жанейрода өтетін дәстүрл карнавал өткен аптада аяқталды және қатысушылар мен көрермендердің рекордты санына қол жеткізді.
Дүйсенбі күні қала мэриясының құрылымы болып табылатын Riotur компаниясының хабарлауынша, ақпан айының аяғы мен наурыздың басында "Маркиз де Сапукаи" самбодромындағы самба мектептерінің байқау-шеруіне және Рио-де-Жанейро көшелеріндегі жаппай костюмлендірілген «көше карнавалына» 5 млн 982 мың 700 адам қатысқан.
Карнавалға қатысудың бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіші 5,4 млн адамды құраған еді.