Рио-де-Жанейро тұрғындарына мереке қарсаңында қосымша демалыс беріледі

РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейро тұрғындары тамызда өтетін Олимпиада ойындарының арқасында үш күн қосымша демалыс алады. Бұл туралы қала әкімі Эдуарду Паэс мәлімдеді, хабарлады «ТАСС» агенттігі.

Рио-де-Жанейро тұрғындарына мереке қарсаңында қосымша демалыс беріледі

Атап айтқанда, демалыс күндері: 5 тамыз (ашылу күні), 18 тамыз (триатлон жарысы өтетін күн), 22 тамыз - қонақтардың көпшілігі үйді-үйіне тарайтын Олимпиада жабылғаннан кейінгі күндер болмақ.
Қала билігінің деректеріне сәйкес, Олимпиадаға 204 елден 15 мың спортшы қатысады. Бұл оқиғаны 30 мыңға жуық журналист тарататын болады.
«Әңгіме ішінара демалыс жайында: сауда мекемелері жұмыс істейді, осындай схема 2014 жылы футбол бойынша әлем чемпионаты уақытында да қолданылған», - деді ол.
Алда өтетін олимпиада жалпы білім беру мекемелерінің кестесіне де өзгеріс енгіздін Бразилияда оқу жылы қызатын кезең саналса да, мектеп оқушылары 1-28 тамыз күндері қосымша каникул алады.
«Рио-до-Жанейро тұрғындары олимпиадалық атмосфераны сезініп, өздеріне қажетті тәжірибе алғанын қалаймыз. Олар бұл күндері қалада жүріп-тұру қиындайтынына да түсінікпен қарауы тиіс», - деп түсіндірді әкім.
XXXI жазғы Олимпиада бразилиялық Рио-де-Жанейрода 2016 жылғы 5-21 тамыз аралығында өтеді.