Рио-де-Жанейрода «ақылды» футбол алаңы пайда болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейрода «ақылды» футбол алаңы пайда болды.
Бір ғажабы, жас футболшылар теңбіл доп теуіп, ойын ойнаса ғана алаңқай жарық болады. Өйткені, жасыл желектің астына төселген 200 тақтайша ұдайы қозғалыс кезінде электр қуатын өндіреді. Оған қоса, алаң айналасына орнатылған күн батареялары қуат қорын барынша үнемдеп отырады. Соның арқасында алаң тәулік бойы электр энергиясынсыз-ақ жарыққа қарық болады. Мұндай әдіс әлем бойынша қоғамдық орындарда кеңінен қолданылып жүр. Мәселен дәл осындай жоба Австралияның сауда орталықтарында, Лондондағы Хитроу әуежайында және Еуропаның бірқатар теміржол стансаларында бар. Бірақ футбол алаңы құрылысында алғаш рет қолданылып отыр, деп жазады 24.kz.