Рио-де-Жанейрода бірнеше көпқабатты тұрғын үй құлады

АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Бразилияның ірі қалаларының бірі Рио-де-Жанейрода бірнеше көпқабатты үй құлады. Бұл туралы Утро.ру сайты хабарлады.

Рио-де-Жанейрода бірнеше көпқабатты тұрғын үй құлады

Құтқарушылардың мәліметтеріне қарағанда, қаланың кеңселік және тарихи ғимараттар ауданында 10 және 21 қабатты үйлер құлаған. Сондай-ақ оның алдында 7 қабатты үй құлап, үйдің құрсауынан 11 адам құтқарылған болатын. Олардың қандай жағдайда екені әлі белгісіз. Қаза болғандар мен жарақат алғандар туралы мәлімет анықталып жатыр.

Қазіргі уақытта оқиға орын алған ауданда көлік қозғалысы тоқтатылды. Қысқа тұйықталу мен өрттің алдын алу мақсатында электр қуаты берілмей тұр. Жарықтың аз берілуі салдарынан құтқарушылардың жұмысына біраз қиындықтар келіп тұр.