Рио-де-Жанейрода денге қызбасы өршіп тұр
АСТАНА. KAZINFORM – Рио-де-Жанейро карнавалдан бір апта бұрын денге эпидемиясы туралы хабарлады. Әлемге әйгілі карнавал қарсаңында денге тропикалық безгегі өршіп кеткен. Бұл туралы Аzertag.az қала әкімі Эдуард Паес-ке сілтеме жасап хабарлады.

«Қаңтарда тропикалық безгекке шалдыққандар саны 10 000 - нан асып түсті. Қала тарихында ауруханаға жатқызу бойынша рекорд жаңарттық, ағымдағы жылдың бірінші айында 362 адам тіркелді»,-деді әкім қалалық денсаулық сақтау Хатшылығының басшысымен бірлескен баспасөз мәслихатында.
Қала басшысының айтуынша, алдағы күндері қалалық әкімдік денге ауруына шалдыққандарға алғашқы көмек көрсету және қабылдау үшін 10 мобильді орталық ашпақшы.
Рио-де-Жанейрода әлемге әйгілі карнавалдың басталуына бір апта қалды. Биылғы жылы мереке 10-13 ақпан аралығында өтеді. Десе де жаппай мерекелер басталып кеткен. Бұл нағыз туристер ағылатын маусым. 2024 жылы карнавалға 2 миллионнан астам турист келеді күтіледі. Шаһардың қонақ үйлері 87% - ға толған.
Денге безгегі – қызба, интоксикация, миалгия, артралгия, бөртпе және лимфа түйіндерінің ісінуімен бірге жүретін жедел, векторлық вирустық ауру. Денге вирусын масалардың аналық түрі тасымалдайды деген болжам бар.
Жыл басынан бері дертке шалдыққандар саны 50 мыңға жеткен. Оның ішінде 12 өлім тіркелген.