Рио-де-Жанейрода көпқабатты үйдегі жарылыстан 5 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы үйлердің бірінде жарылыс болып, 5 адам қаза тапты. Тағы 14 тұрғын түрлі дәрежеде жарақат алған, деп хабарлайды 24.kz.

Рио-де-Жанейрода көпқабатты үйдегі жарылыстан 5 адам қаза тапты

Азаматтық қорғаныс қызметкерлерінің мәліметі бойынша апатқа тұрмыстық газ себеп болған. Қайғылы оқиға көпқабатты нысанның бірінші қабатында болған.

Фото: susanin.udm.ru

.