Рио-де-Жанейрода көше тәртіпсіздігінен 30-ға жуық адам көз жұмды
АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Бразилияның арнайы мақсаттағы бөлімшесі әскери бөлімшелермен бірлесіп Рио-де-Жанейро орамдарының бірінде есірткі мафиясына қарсы кең көлемді операция жүргізді.
Бандаларға тыйым салу үшін, тіпті көшелерге танктер әкелінді. Соңғы аптада әскерлердің қолынан қылмыстық кландардың 30-ға жуық адамы көз жұмғанын еске саламыз, деп хабарлайды "Вести.ру" порталы.
Бітпейтін даңғаза айғай-шу, жолдарға бөгет қойып тастау үйреншікті әдетке айналған, ал бүгін қалаға танктер кірді.
Бәрі сенбі күні басталды. Ресми дереккөздері, полиция есірткі мафиясының қарамағындағы аумақты бақылауға алуға тырысқанын айтады. Қаланың әп-сәтте астаң-кестеңі шықты. Бандалар жолды бөгеп жатыр, автокөліктерді өртеп, жаппай тонаушылық жасауда. Қарсылық көрсеткен тұрғындар аяусыз өлтірілуде. Құрбандардың көбісі - кездейсоқ жүргіншілер.