Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Рио-де-Жанейрода олимпиада қалашығында өрт шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейроның батыс бөлігіндегі олимпиадалық қалашықта өрт шықты, деп хабарлады lenta.ru.

Рио-де-Жанейрода олимпиада қалашығында өрт шықты

Globo Esporte басылымының ақпаратына сәйкес оқиға австралиялық делегация тұрып жатқан үйде, жұма кешке орын алған. Зардап шеккендер жоқ.   

Австралия ұлттық олимпиада комитетінің мәлімдеуінше, өрттің шығуына ғимарат жертөлесінде қоқыстың тұтануы  себеп болған. Саты жақ түтіндеген соң, құраманы эвакуациялауға тура келген.

  Рио-де-Жанейродағы олимпиадалық ауыл  ресми 24 шілдеде ашылды. Олимпиадалық ойындар   5 -21 тамыз аралығында өтеді.