10:34, 24 Маусым 2016 | GMT +5
Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ауылына әкім сайланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Баскетболдан Бразилия құрамасының ойыншысы, Әлем чемпионы Жанет дус Сантус Аркаин алдағы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға жаңа, ерекше сапада қатысады. Бейсенбі «Рио-2016» ұйымдастыру комитеті 47 жастағы бұрынғы спортшыны Олимпиада ауылының мэрі етіп сайлады, деп хабарлады ТАСС.

Олимпиада ауылында жаңа мэрді салтанатты ұлықтау рәсімі 23 маусымдағы Халықаралық олимпиада күніне орай өтті.
Рио-де-Жанейроның батыс бөлігінде орналасқан Олимпиада ауылына спортшылар бір айдан кейін, 24 шілдеде келе бастайды. Мэр ретінде Аркаин ойын қатысушылары мен мерекенің құрметті қонақтарын қарсы алатын болады.