Рио Олимпиадасын ұйымдастыру комитетіндегі қаржы тапшылығы 120 миллион доллардан асып кетті
«Біз қаржыны жеткізу үшін көп нәрсені қысқартудамыз, бірақ сонда да бюджетке сай келе алар емеспіз», - деген ұйымдастырушылардың бірі. Оның айтуынша, қаржы тапшылығы сомасы ұйымдастыру комитетіне бөлінген жалпы соманың 6%-ын құрайды.
Рио-де-Жанейродағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізудің жалпы бюджеті 40 млрд. реалға жуық (12,12 млрд. доллар). Бұл қаражаттың үлкен бөлігі - 24,6 млрд. реал - қаланың инфрақұрылымын жақсартуға жұмсалды. Тағы 7 млрд. реал спорт нысандарын салуға кетті. «Рио-2016» ұйымдастыру комитеті жеке инвесторлардан 7,5 млрд. реал алған, деп жазды ТАСС.
XXXI Олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында өтеді. Бұл Оңтүстік Америкада ұйымдастырылған тұңғыш Олимпиада. Паралимпиада 7-18 қыркүйек күндері өтеді деп жоспарлануда.