Рио Олимпиадасын ұйымдастыру комитетінің басшысы тұтқындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 75 жастағы Карлос Артур Нузман 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының астанасын таңдау кезінде төрешілерді сатып алғаны үшін қамалды, деп хабарлайды Elmundo.

 Рио Олимпиадасын ұйымдастыру комитетінің басшысы тұтқындалды

Бүгін Рионың оңтүстігінде полицейлер Бразилия Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы және Олимпиада-2016 ұйымдастыру комитетінің басшысы қызметін қоса атқарып жүрген Артур Нузманды тұтқындады. Оған алаяқтық жасады деген айып тағылуда.

Еске салайық, қыркүйекте Бразилия прокуратурасы 2016 жылғы Ойындарды өткізу орнын таңдау кезінде дауыстарды сатып алуға қатысқаны үшін Нузманның активтерінен триллион реалды бұғаттаған еді.

Тергеу өкілдерінің айтуынша, функционер Бразилияда Олимпиада өткізу құқығын сатып алу үшін халықаралық деңгейдегі күрделі жемқорлық жүйесін қолданған.