Рио Олимпиадасына баратын қазақстандықтар визаны жеңіл тәртіппен алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио Олимпиадасына баратын қазақстандықтар үшiн арнайы виза режимi қарастырылып отыр. Қазақстан Бразилия елшiлiгiмен осындай келiсiмге келген. Бұл туралы бүгiн халыққа есеп берген ҚР Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов мәлім етті.
«Iшкi мәселелеріне байланысты Бразилия Парламентi бiр жарым жыл бұрын қол қойылған келiсiмдi ратификациялай алмады. Яғни, Бразилиямен визасыз режим проблемасы туындады. Сондықтан, бiздiң азаматтардың жағдайын ойластыра отыра, Олимпиадаға баратын қазақстандықтар үшiн арнайы режим енгiзу бойынша келiсiмге келдiк»,-деген Е.Ыдырысов Қазақстанның консулдары тарататын ақпаратты бақылап отыруға кеңес берді.
Министр нақтылағандай, Бразилия елшiлiгiмен жасалған келiсiм аясында Қазақстан азаматтары визаны жеңiлдетiлген тәртiппен алады.
«Билет болса, еш қиындықсыз виза берiледi. Бразилия елшiлiгiнiң сайтында бұл тәртiппен таныса аласыздар», - деп толықтырды министр.
Айта кетейiк, 5-21 тамыз аралығында Рио-де-Жанейро қаласында кезекті жазғы Олимпиада ойындары өтеді.