РИО Олимпиадасына қатысатын Сауд Арабиясы құрамасына 4 әйел кірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилиялық Рио-де-Жанейрода тамыздың 5 - 21-і аралығында өтетін Олимпиадалық ойындарға қатысатын Сауд Арабиясы құрама командасына төрт әйел кіріп отыр.

РИО Олимпиадасына қатысатын Сауд Арабиясы құрамасына 4 әйел кірді

 Бұл туралы  France-Presses агенттігі  хабарлады.

Олардың арасында екі желаяқ -  Сара Аль-Аттар мен Кариман Абу Аль-Джадаиль, дзюдошылар - Вуджуд Фахми және семсерші Любна Аль-Умайр бар.

Айта кеткен жөн, Сара Аль-Аттар үшін бұл  екінші Олимпиада. Желаяқ қыз Лондонда өткен 2012 жылғы Ойындарда 800 метр қашықтыққа жүгірген еді. Енді марафонда бағын сынағалы отыр.

Еске салсақ, Олимпиадалық ойындарға Сауд Арабиясы өз тарихында екінші рет қатысқалы отыр. 2012 жылғы Лондонда өткен Олимпиадада ұлттық команда қатарында жоғарыда айта кеткен Сара Аль-Аттармен бірге дзюдошы Водждан Шахерхани өнер көрсеткен еді