Рио олимпиадасындағы жеңісі үшін қырғыз спортшылары 93,3 мың долларға ие болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан билігі Рио-де-Жанейродағы (Бразилия) олимпиада ойындарындағы жеңістері үшін тағайындалатын сыйақыларды бекітті.

Рио олимпиадасындағы жеңісі үшін қырғыз спортшылары 93,3 мың долларға ие болады

Қырғызстанның дене тәрбиесі және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттігінен хабарлағандай, елдің премьер-министрі Темир Сариев олимпиададағы сәтті өнер көрсеткені үшін «біржолғы төлемақы» сомасы жөніндегі қаулыға қол қойды.

«Жеңімпазға 7 млн сом көлемінде сыйақы қарастырылған».

Бағам бойынша бұл шамамен $93,3 мыңды құрайды. Қырғызстанда Олимпиаданың күміс медалін еншілеген спортшыға 5 млн сомға ($66,6 мың.), ал қола медаль иегеріне 3,5 млн сом ($46,6 тыс.) сыйақы белгіленді, деп жазды КирТАГ.