Риода ресейлік дипломаттың тонаушыны өлтіргені туралы ақпаратты РФ Бас консулы жоққа шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейродағы РФ-ның Бас консулы Владимир Токмаков «ресейлік дипломат тонаушыны атып өлтірді» деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұған дейін шетелдік БАҚ-та бразилиялық қорғаушы, Рио-де-Жанейродағы Ресей консулының орынбасары Маркос Сезар Ферес Брагаға шабуыл жасалғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Бұл туралы newsru.com хабарлайды.

Риода ресейлік дипломаттың тонаушыны өлтіргені туралы ақпаратты РФ Бас консулы жоққа шығарды

«Бұл бразилиялық азамат дипломатиялық мекеменің қызметкері емес және Ресейдің шетелдік мекемелеріне еш қатысы жоқ», - деді Токмаков.

«Рио-де-Жанейродағы барлық ресейлік дипломаттар және шетелдегі ресейлік мекемелердің қызметкерлері дін аман және бұл оқиғамен ешқандай байланысы жоқ. Оқиғаға қатысы бар адам өзін «бас консулдықтың қызметкерімін» деп таныстыруы мүмкін», - деді Токмаков.

Оқиға қаланың батыс бөлігінде орналасқан Outback мейрамханасы маңында түскі уақытта болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, өзінің BMW X5 көлігінде отырған бразилиялық адвокатқа тонаушылар мотоциклмен жақындаған. Олар көлік терезесін сындырып, көліктегіден қолындағы сағатты беруді талап етіп, қарумен қорқытқан. Алайда адвокат олармен айқасып қаскөйдің қолынан қаруын алып өзін атып өлтірген.