Рыпакова мен Қоңқабаев Олимпиадада киіп шыққан киімін Ұлттық музейге сыйлады

ольга
Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті 2020 жылғы Олимпиадада ту ұстаған спортшылардың костюмін ҚР Ұлттық музейіне табыстады.  

костюм
Фото: ҰОК

Бұл — Халықаралық Олимпиада күнін тойлау аясындағы алғашқы іс-шара.

Аталған киім үлгісімен Токио Олимпиадасының ашылу салтанатында Олимпиада ойындары мен бокстан әлем чемпионатының жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев және еліміздегі ең танымал спортшы, жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова Қазақстан құрамасын бастап шыққан болатын.

киім
Фото: ҰОК

«Енді бұл костюмдердің Қазақстан Ұлттық музейінің қорына өткені қуантып отыр. Өйткені музейге келген әрбір адам біздің елдің Олимпия ойындарына қатысу тарихына көз жүгірте алады. Халықаралық Олимпиада күні қарсаңында өскелең ұрпақты олимпиадалық спорттық қозғалысқа мейілінше көбірек тартудыі маңызын айтқым келеді», — дейді Ольга Рыпакова.

ольга
Фото: ҰОК

Қазіргі уақытта мұражайда 654 костюм болса, оның 223-і — спортшыларға тиесілі. 

Олардың қатарында Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Серік Сәпиев, Бақтияр Артаев, Александр Винокуров, Денис Тен және басқалардың спорт киімдері бар. 

 

Соңғы жаңалықтар