Риши Сунак ресми түрде Ұлыбританияның премьер-министрі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Риши Сунак ресми түрде Ұлыбританияның премьер-министрі болды, ол билікке осы қызметте 45 күн болған Лиз Трастан кейін келді. Сунактың жаңа лауазымын Ұлыбритания королі Чарльз III ресми түрде мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews сайтына сілтеме жасап.
Бұрынғы банкир және қаржы министрі саясаттағы өрлеуден кейін 42 жасында Біріккен Корольдік тарихындағы ең жас премьер-министр болды.
Риши Сунак – Үндістаннан шыққан бірінші британдық көшбасшы және бұрынғы британдық колониядан министрлер кабинетін басқарған алғашқы өкілі.
Британдық монарх Чарльз III-мен ресми кездесуінен кейін Риши Сунак Даунинг-стрит 10-ға барып, «алдағы күрделі шешімдер» туралы ескерту жасады.
Бұған дейін Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі Риши Сунак жалпы сайлаусыз тағайындалатыны хабарланған болатын. Бұған дейін Ұлыбританияның қазынашылық министрлігінің бұрынғы канцлері Риши Сунак Консервативтік партияның көшбасшысы және премьер-министр лауазымына кандидатурасын ресми түрде жариялады.
Лиз Трасс Ұлыбритания премьер-министрі қызметінен 20 қазанда кетті.
Фото Синьхуа