Ризабек Айтмұхан UWW таңдаған үздік 5 балуанның қатарына енді

Еркін күрестен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атанған балуанымыз Ризабек Айтмұхан Бүкіләлемдік күрес ұйымы (UWW) таңдаған үздік бес балуанның бірі атанды, деп хабарлайды Kazinform Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Спорт
Фото: ашық дереккөз

Бүкіләлемдік күрес ұйымы (UWW) әлеуметтік желіде болашағынан үміт күттіретін үздік бес балуанды ерекше атап өткен.

«Жұлдызы енді жанып келе жатқан осы бес балуанға назар салу керек. Олардың қайсысы Олимпиада медалін бірінші болып жеңіп алады?», - делінген жазбада.

UWW ұйымының үздік балуандар тізбегінде еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан, бахрейндік Ахмед Тажудинов, әзербайжандық Хасрат Жафаров, жапониялық Акари Фуджинами мен америкалық Амит Элордің есімдері аталған. 

Естеріңізге сала кетейік, Ризабек Айтмұхан жақында еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы. Ол Белградта өткен әлем чемпионатында 92 келі салмақта қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді. 

Осыған дейін, Айтмұхан олимпиадалық салмақ 97 келіге ауысқанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар