«ROBOLAND-2022»: ақтаулық оқушылар халықаралық жарыста топ жарды
АҚТАУ.ҚазАқпарат - Ақтаулық оқушылар халықаралық жарыста топ жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
3-5 қараша аралығында Қарағандыда халықаралық VІІ «Roboland-2022» робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі өтті.
«Жарыс қорытындысы бойынша Фариза Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушылары Ақбота Қолғанат пен Аружан Бекқали «Су лабиринті» категориясы бойынша топ жарды», - деді команда жетекшісі Марат Атаназаров.
3 күнге созылған халықаралық жарысқа Грекия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның барлық өңірінен 800-ден астам адам қатысты.