Робот алғаш рет өт қабына ота жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Робот-хирург daVinci Surgery Robot алғаш рет өт қабына ота жасап, сәтті аяқтады. Ол адамның қатысуынсыз пациенттің өт қабын алып тастады, деп жазады шетелдік БАҚ.

Робот алғаш рет өт қабына ота жасады

Роботтың 3D-шолумен және басқару панелімен жарақтандырылған, сондай-ақ «қолдары» икемді. Егер ота дұрыс жасалмай жатса, онда дәрігер басқару панелінің көмегімен басқаруды өз қолына ала алады. Өт қабы алынған емделушінің аты-жөні белгісіз. Дәрігерлер науқасқа хирургиялық операцияның қалай жасалатынын түсіндіргеннен кейін ғана, ол келісімін берген. Ота кезінде ойламаған жағдай болып қалса, жұмысты жалғастыру үшін робот дәрігер-хирургтың тікелей бақылауында болды. Алайда операция кезінде оның көмегі қажет болмады. Бұндай роботтың құны 4,9 млн долларды құрап отыр.