Робот-самурай қылышпен адамнан да күшті айқасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапондық Yaskawa Electric Corporation компаниясы қылыштасуды үйренген өнеркәсіптік роботтың мүмкіндіктерін көрсететін видеоны желіге салып, жүзжылдық мерейтойын атап өтті, деп жазады The Independent газеті.

Робот-самурай қылышпен адамнан да күшті айқасады

Машина қылыштасу өнерінің шебері әлемдік рекорд орнатқан Исао Матиге (Isao Machii) қарағанда, қамыспен оралған бамбук бағанын мыңдаған соққымен әп-сәтте бөлшектеп тастады.

Робот тәсілдерді дұрыс орындау үшін инженерлер motion capture технологиясының көмегімен Матидің іс-әрекетін көшіріп алған.

Исао Мати соққы жасау үшін қылышты қынабынан жылдам суыру техникасын жетілдіруге негізделген иайдо шебері ретінде танымал. Матидің жетістіктері бірнеше рет Гиннестің рекордтар кітабына енген.