Робот сұңқар әуежай маңындағы құстарды қуатын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канададағы халықаралық Эдмонтон әуежайы жаз кезінде Robird робот сұңқардың көмегімен әуе кемелерінің ұшып-қонуына кедергі келтіретін құстарды қууды бастайды. Бұл туралы Edmonton Sun хабарлады.

Робот сұңқар әуежай маңындағы құстарды қуатын болды

Robird - сыртқы келбеті сұңқарға ұқсайтын қашықтан басқарылатын құрылғы. Темір құсты Нидерландияда Твенте университетінің ғалымдары әзірледі, ал коммерциялық нұсқасын lear Flight Solutions компаниясы шығарады. Robird  ауыл шаруашылығында (қаражидек бағынан құстарды қуу үшін) пайдаланылып жүр. Ол Германияда Дюссельдорф әуежайында сынақтан сәтті өтті.

Салмағы 750 грамм Robird сағатына 70 шақырым жылдамдықпен ұша алады. Қуатты 12 минутқа жетеді. Әуежайдың табиғат маманының айтуынша, бұл ұшақ ұшар немесе қонар кезде құстарды қуып үлгеруге жеткілікті. 

Эдмонтон әуежайында қазір осы мақсатқа лазерлер мен дыбысты құрылғыларды қолдануда, алайда құстар мұндайға үйреніп алатын көрінеді.