Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Робот Тайвань банкіне жұмысқа алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайваньдағы First Commercial Bank-інде жапондық SoftBank үшін жасалған Pepper есімді адамға ұқсас құлтемір ресми түрде жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Робот Тайвань банкіне жұмысқа алынды

Роботты жеңіл операцияларға тестілеу маусым айында басталған болатын, алайда ол тұтынушылармен жұмыс жасамаған. Ал қазір ол банкке келушілердің көңілін аулайды. Бірақ ақша аударымы сияқты операциялар тапсырылмайды.

Тайвань банкі SoftBank-тен барлығы 20 роботты жалға алды. Механикалық көмекшілерді сатумен және қызмет көрсетумен айналысатын Perobot компаниясы құлтемірлерді айына 836 доллар төлеп, жалға алуды ұсынады. Тайваньдағы орташа жалақы 1 490 доллар шамасында.