Робот жол апатының құрбаны болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде алғаш рет роботтың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.

Робот жол апатының құрбаны болды

Оқиға Краснояр қаласында орын алды. Nissan Wingroad көлігінің жүргізушісі жолда тұрған андроидты қағып кеткен. ЖКО салдарынан робот күрделі зақым алды, ал шетелдік көліктің бар болғаны бірнеше жеріне сызат түсті. Бағасы 250 мың рубль тұратын андроид «автоквестке» қатысып жатқан және қатысушыларға кезекті тапсырмаларды хабарлап тұруы керек болған. Осы оқиғаның куәгерлерінің айтуына қарағанда, роботты жолға қатты жел ұшырып шығарған. «Бұл оқиғаға қатты өкінемін. Мұндай робот жалғыз-ақ болатын. Ол веб-камерамен және микрофонмен жабдықталған, қашықтықтан басқарылатын. Осы жылдың көктемінде біз оны мүгедек балаларға арналған жобада пайдаландық - андроидтың көмегімен қозғалу мүмкіндіктері шектелген балалар мектептегі сабаққа виртулды түрде қатыса алды», - дейді роботтың иесі Владимир Александров. Краснояр бойынша мемлекеттік жол қозғалысы қауіпсіздігі инспекциясының баспасөз қызметінде полицияға бұл жол-көлік оқиғасына байланысты еш арыз түспегенін, сол себепті апаттың рәсімделмегенін айтты, деп жазады «Российская газета».