Робот-журналист мақаланы бір секундта жазды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың робот-журналисі Сяо Нань алғашқы мақаласын Southern Metropolis Daily газетіне жариялады. 300 иероглифтан тұратын мақаланы жазуға робот бір секундын жұмсады. Жазба қытайдың Жаңа жылы кезіндегі жолаушылар легінің артатынына қатысты.

Робот-журналист мақаланы бір секундта жазды

Роботты жасаушы Бейжің университеті командасының басшысының айтуынша, Сяо Нань шағын хабарлама ғана емес көлемді мақала жазуға да қабілетті екен. Оның ең басты ұтатын тұсы - мәліметтерді жылдам қорыта алады, әрі мәтін теріп уақытын жоғалтпайды. Алайда әзірге робот журналистерді алмастыра алмайды.

Өйткені ақылды машина сұхбат ала алмайды, сондай-ақ тақырыпқа қатысты сұрақтар қоя алмайды, деп хабарлайды Ecns.cn. Алайда жобаны жасаушылар болашақта тілшілерге арналған көмекші роботтардың пайда болатынына сенімді.