Родни Берман: Роман Жайлауов екінші Головкин атануы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Golden Gloves компаниясының промоутері Родни Берманның пікірінше, 20 жасар қазақстандық боксшы Роман Жайлауов екінші Геннадий Головкин атануы әбден мүмкін, деп жазады boxingnews.kz.
«Мен осы жігіт туралы көп естіп жүрмін, бірақ оның нақты істерін көрмейінше ештеңе болжауға болмайды. Біз жаңа Головкинді іздеп жатырмыз, егер ол Геннадийдің жартысына да татыса, онда ол динамит болар еді. Болашақта өзін қалай көрсететінін көрейік», - деді ол WorldBoxingNews порталына берген сұхбатында.