Родос аралындағы ресейлік туристер жаппай уланып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грекияның Родос аралында ресейлік туристер уланын қалған, қонақүй мейрамханасындағы кешкі астан кейін олардың жағдайы күрт нашарлаған, деп хабарлады Вести.ru.
Қазір қанша адам зардап шеккенін Ресей елшілігі анықтауда. Алдын ала болжам бойынша 50-ге жуық турист жапа шеккен. Олардың барлығы Lindos Imperial Resort қонақүйінде демалып жатқандар. Медицина қызметкерлері оларға алғашқы көмек көрсетіп, әзірге ауруханаға жатқызу қажеттілігі жоқ екенін айтты.