Рокфеллерлердің ақшасын басқарушы өз машинасында өлі күйінде табылды
АСТАНА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат - Атақты американдық отбасының орасан үлкен байлығын билеуші «Rockefeller & Co» инвестициялық компаниясының президенті Джеймс Макдональд өз автомобилінде өлі күйінде табылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
Машина Бостоннан 50 миль қашықтықтағы Дартмут қаласындағы сауда орталығының жанында тұрған. Келіп жеткен сарапшылардың анықтауынша, қаржыгер атылған оқтан алған жарақаттан мерт болған. Д.Макдональд өзін-өзі өлтірген болуы мүмкін деген жорамал айтылуда.
Марқұмның отбасы түсініктеме беруден бас тартып отыр. Д.Макдональд қаза болар алдында бірнеше сағат бұрын өзінің зайыбына телефон соққан, алайда полиция олардың әңгімелері туралы хабарламай отыр.