«Рокки», «Жыртқыш» фильмдерінің жұлдызы, актер Карл Уэзерс қайтыс болды

АСТАНА. KAZINFORM -  Америкалық актер, продюсер, режиссер және бұрынғы кәсіби америкалық футболшы Карл Уэзерс 76 жасында қайтыс болды. Танымал актердің өліміне не себеп болғаны хабарланбады. Оның ұйықтап жатқанда қайтыс болғаны ғана белгілі болып отыр. Бұл туралы Еuronews жазды.

«Рокки», «Жыртқыш» фильмдерінің жұлдызы, актер Карл Уэзерс 76 жасында қайтыс болды
Фото: wikipedia.org

Уэзерс «Рокки» фильмінде Аполло Крид, «Жыртқыш» фильмінде Джордж Диллон, «Бақытты Гилмор» және «Никки, кіші Ібіліс» фильмдерінде Чаббс Петерсон рөлдерімен танымал. Ал «Баяу даму» комедиялық сериясында ол өзінің экрандық нұсқасын сомдады.

Уэзерс жалпы 76 фильмге түскен.

Карл Уэзерс 1948 жылы 14 қаңтарда АҚШ-та дүниеге келген. Жас кезінде ол футбол ойнады. «Окленд Рэйдерсте» ойнап, маусымаралықта жергілікті театрдың сахнасында өнер көрсетті. Содан кейін біраз уақытқа Канадаға көшіп, онда «Бритиш Коламбия Лайонсте» ойнады.

1974 жылы Уэзерс спорттық мансабын аяқтап, өмірін толығымен актерлік өнерге арнады.

Соңғы жаңалықтар