Ролан Гаррос турнирі: Скатов пен Голубев жарыс жолынан шығып қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Тимофей Скатов пен Андрей Голубев Ролан Гаррос турнирінде жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 147-орында тұрған Т.Скатов жекелей сында алғашқы айналымда әлемнің 29-ракеткасы, болгариялық Григор Димитровпен ойнады.

Тәжірибелі Г.Димитров 6:0, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында болгариялық теннисші 10 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды. Т.Скатов 1 брейкпен (5 брейк-пойнт) шектелді.

Бұл 22 жастағы Т.Скатовтың Ролан Гарростың негізгі турнирінде алғаш рет өнер көрсетуі еді.

Тағы бір қазақстандық Андрей Голубев эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жұптық сында доданың 1-ракеткалары, нидерландылық Уэс Колхоф – ұлыбританиялық Нил Скупскиге жол берді – 3:6, 5:7.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Ролан Гарростың алғашқы айналымында жеңіске жеткен Юлия Путинцевадан сұхбат алған едік.

Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінде жеңіліп қалды.

Ал Елена Рыбакина Ролан Гаррос жарысын жеңіспен бастады. Ол баспасөз мәслихатында келесі ойынның оңайға түспейтінін айтты.


Соңғы жаңалықтар