Ролан Гаррос турнирінің жүлде қоры жарияланды

АСТАНА.KAZINFORM – Биыл негізгі жарысы 25 мамыр – 8 маусым аралығында өтетін Франция ашық чемпионатының жүлде қоры 56,3 млн еуроға бағаланды.

Ролан Гаррос турнирінің жүлде қоры жарияланды
Фото: rolandgarros.com

Roland Garros турнирін ұйымдастырушылар мәлім еткеніндей, бұл өткен жылғыдан 5,21 пайызға немесе 2,87 млн еуроға көп.

Топырақ төсенішінде өтетін Ролан Гарросқа дайындық есебінде Еуропадағы жарыстар осы аптада басталғаны мәлім. Әзірге Мюнхен (Германия) ATP 500 турнирінде Қазақстаннан Александр Бублик пен Александр Шевченко бой көрсетті. А.Бублик бірінші, А.Шевченко екінші айналымнан аса алмады.

Биылғы Ролан Гаррос додасына Қазақстаннан негізгі турнирде А.Бублик, әйелдер арасында Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева қатысушы ретінде тіркелген. Сондай-ақ іріктеу сайыстарында Александр Шевченко, Дмитрий Попко, Михаил Кукушкин, Тимофей Скатов бақ сынамақшы.

Өткен жылы Парижде ерлерден испаниялық Карлос Алькарас, әйелдерден Польша өкілі Ига Швентек үздік шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның командасына жаңа бапкер қосылғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Жібек Құламбаева Мадридтегі жарыстың жартылай финалына жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар