Rolling Stones концертіне мыңдаған кубалық жиналды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Rolling Stones өнеріне табынушылар Гаванадағы "Сьюдад Депортиво" жабық спорттық кешенінің маңында бірнеше сағат кезекте тұрды.
Онда жұма күні жергілікті уақытпен сағат 20:30 (Астана уақытымен 06:30) британиялық рок-тобының концерті басталды.
Бұл концерт аралға АҚШ президенті Барак Обама барғаннан кейін үш күннен соң болды.
2011 жылы Кубада Manic Street Preachers тобы өнер көрсеткен, оның концертін Фидель Кастро және елдің өзге де басшылары тамашалаған еді.
Rolling Stones концертін 1959 жылдан Кубадағы маңызды музыкалық оқиға деп отыр.
Фото: © AP Photo/ The Rolling Stones via AP