«Роллинг Стоунз" үйлену тойларында ән айтатын ең қымбат әншілер атанды
АСТАНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Атышулы «Роллинг Стоунз" тобының қатысушылары үйлену тойларында қызмет көрсететін ең қымбат әншілер атанды, Сэр Мик Джаггер мен Кит Ричардс бір кешке 8,3 миллион доллар алады екен.
«Той бизнестің» баға рейтингін британдық Living телекомпаниясы жасап отыр, деп хабарлайды НТВ телеарнасы.
Той гонорары бойынша екінші орында - Элтон Джон тұр, ол бір кешке 3,32 миллион доллар алады. Ал үшінші орында 3 миллион доллар нарықпен Кайли Миноуг тұр.
Тойларда 2,49 миллион долларға өнер көрсетуге келісетін Кристина Агилера - төртінші орында болса, 2,15 миллион доллар гонорар алатын Джордж Майкл - бесінші орында тұр.