Rolls-Royce компаниясы 2,5 мың қызметкерін қысқартады

Автокөлік және әуе қозғалтқыштарын шығаратын британдық Rolls-Royce компаниясы шығынды азайту үшін 2500-ге дейін жұмыс орнын қысқартуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Kazinform бұл туралы Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

rolls-royce
Фото: pixabay.com

Яғни, қысқарту әлем бойынша компания қызметкерлерінің 6% қатысты болмақ.

Кеше жарияланған Rolls-Royse мәлімдемесінде жұмыстан шығару жоспары – компанияның жаңа кезеңінің бастауы екені айтылған.

«Біз болашақпен үндес Rolls-Royse компаниясын құрып жатырмыз. Бұл клиенттер, серіктестер мен акционерлердің пайдасына жұмыс істейтін тиімді ұйым болады», - деді бас директор Туфан Эргинбилгич.

Rolls-Royse COVID-19 пандемиясы кезінде шығынға батып, 2021 жылы ғана қайта табыс таба бастады. 2022 жылы концерн кірісі қайта азайып кетті.