Роман Гонсалес: «Головкин - Джейкобс бокс кешінің аясында айқасуым мүмкін»
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ешқашан жеңіліп көрмеген никарагуалық боксшы Роман Гонсалес 18 наурызда Нью-Йоркте Геннадий Головкин мен Дэниэль Джейкобс жекпе-жекке шығатын бокс шоуына қатысуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлады Sports.kz.
Бұдан бұрын К2 Promotions атқарушы директоры Том Леффлер Гонсалес пен Карлос Куадрастың ықтимал қарымта кездесетіні жайлы еске салған, алайда никарагуалықтың қарсыласы Тайланд өкілі Срисакет Сор Рунгвисаи (41-4-1, 38 КО) болуы мүмкін.
«Біз НВО-да 18 наурызда Геннадий Головкинмен өтетін кеш аясында айқасуды жоспарлап отырмыз. НВО бізге қызығушылық танытуда. Мен Карлос Куадрастан басқа кез келген қарсыласыма қарсы өз титулымды қорғаймын, маңыздысы гонорар», - деген Чоколатитоның сөзін келтірді La Prensa басылымы.