Роман Креч Қытайдағы Әлем кубогының кезеңінде алтын ұтып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан жаңалықтары спорт Роман Креч коньки Қазақстандық Роман Креч конькимен жүгіруден Қытайдағы 500 метр қашықтықтағы Әлем кубогының кезеңін ұтып алды, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Роман Креч Қытайдағы Әлем кубогының кезеңінде алтын ұтып алды

Спортшы қашықтықты 35,07 секунд ішінде жүгіріп шықты. Ресейлік Павел Кулижников күміс медаль жеңіп алды. Ал үшінші болып голландтық Кай Фербай (+0,12) келді. Қытайдағы Әлем кубогының кезеңіде 500 метрлік қашықтықта екі старт жоспарланған. Осы қашықтықтағы медальдардың екінші жиынтығы үшін спортшылар жексенбі күні таласатын болады. Харбиндегі Әлем кубогының кезеңі 13 қарашада аяқталады.