Роман Кречке екі бөлмелі пәтер берілетін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық конькимен жүгіруші Роман Кречтің баспана жағдайы Сочи Олимпиадасына дейін жақсаруы тиіс еді. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының Спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Руслан Есеналин мәлімдеді, деп хабарлайды kazsporttv.kz.

Роман Кречке екі бөлмелі пәтер берілетін болды

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай , Олимпиададан елге оралған спортшыны үйінен шығарып жібере жаздаған болатын. Ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында мұңын шаққан болатын. «Спортшы көлемі 30 шаршы метрден сәл ғана асатын үйде тұрды. Оны бір бөлмелі пәтерге айырбастауды ұсыну бағасы жағынан тең сияқты. Сонымен қатар, облыс әкімі Роман Кречке Сочи Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткені үшін екі бөлмелі пәтер береді», - деді Руслан Есеналин.