Роман Скляр: 10 қаңтарға дейін қара жәшік деректері жарияланады
«Ол қатты бүлінбеген. Сондықтан ондағы жазбалардың мән-жайын тарқатуда мәселе туындамайтындығына үміт артамыз. Мемлекетаралық авиация комитетіндегілер мереке күндері де жұмыс істеп, тарқатылған мән-жайды бізге табыстауға уәде беріп отыр. Бұған дейін айтқанымыздай, 10 қаңтарға дейін тексерудің алдын ала нәтижесін беретін боламыз», - деді ол Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Еске салсақ, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті.
Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді.
Елбасы Нұр-Сұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.