Роман Скляр Аралды құтқару халықаралық қорының отырысына қатысты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 22 ақпанда Аралды құтқару халықаралық қорының отырысы онлайн режимде өтті. Қазақстан тарапынан шараға Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Кездесуде су ресурстарын басқару және пайдалану мәселелерін шешудің маңыздылығын түсіну, мүдделі елдер арасындағы көп қырлы ынтымақтастықтың оң үрдістері атап өтілді. Р. Скляр өз сөзінде Қазақстан тарапы Арал теңізіне трансшекаралық өзендердің ағынының қалыптасу аймағынан жоспарланған экспедицияны қолдайтынын, сондай-ақ осы экспедицияны сәтті ұйымдастыру мен өткізуге көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті. Сонымен қатар ирригация мен энергетика мүдделерін ескере отырып, өңірдің су-энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану механизмін қарастыратын Өңірлік су-энергетикалық консорциумын құру мәселесін қарастыру ұсынылады.