Роман Скляр Арқалықты дамытуға қанша қаражат бөлінетінін айтты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат –Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында Арқалықты дамытуға қанша қаражат бөлінетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұрынғы Торғай облысының құрамына кірген Амангелді және Жангелді аудандарын әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамыту мақсатымен Арқалық қаласының кешенді жоспарының жобасы Қостанай облысының аудандарын дамыту жөніндегі іс-шаралармен толықтырылды. Қостанай облысының Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелді аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарының жалпы сомасы 504,4 млрд теңге болмақ. Ол қаражатқа 137 іс-шара іске асырлады. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 59,4 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 21,1 млрд теңге бөлінді, жеке инвестициялар – 423,9 млрд теңге. Кешенді жоспарлардың жобалары Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылып, оң қорытынды алынды. Барлық іс-шаралар мен шығыстар көлемі, заңнамада белгіленген тәртіппен бюджеттердің мүмкіндіктерін ескере отырып, бюджеттерді қалыптастыру және нақтылау кезінде нақтыланады», - деліген жауапта.

Сондай-ақ, ол өзге моноқалаларды дамыту жоспары Үкімет қарауына қашан түсетінін айтты.

«Бүгінгі таңда Алтай, Арқалық, Жаңатас, Қаратау және Серебрянск моноқаналарының кешенді жоспарларының жобалары Үкіметке енгізіліп, алдағы отырыста қаралады. Ал Степногорск, Балқаш, Жітіқара, Лисаковск, және Риддер моноқаналарының кешенді жоспарларының жобалары маусым айының бірінші жартысында Үкіметке енгізіледі», - деп жазады Роман Скляр.