Роман Скляр Астанада салынып жатқан нысандарды аралады

АСТАНА. KAZINFORM – Жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек және мәслихат төрағасы Маслан Каналимов құрылыс жұмысы жүргізіліп жатқан бірқатар спорт нысанын аралады.

Скляр
Фото: primeminister.kz

Олар аралаған бірінші нысан құрылысы жүріп жатқан Ұлттық спорт университеті болды, оны 2025 жылы аяқтау жоспарланған. ЖОО-ны іске қосу кадрларды даярлаудан бастап, спорттағы үлкен жетістіктерге де ықпал ететін болады. 

Скляр
Фото: primeminister.kz

Сонымен қатар 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында спорт нысандарына барды. 

Скляр
Фото: primeminister.kz

Сондай-ақ Премьер-министрдің бірінші орынбасарын спорт нысандарының инфрақұрылымын дайындау, кірме жолдарды қамтамасыз ететін негізгі магистральдарды жөндеу және іс-шаралар өткізілетін аумақтарды абаттандыру жұмыстары туралы хабардар етті. 

Скляр
Фото: primeminister.kz

Бұған «Қазанат» ипподромын, оған кіреберіс жолды кеңейту, трибуналарды күрделі жөндеу, ат қоралар салу, көкпар алаңдары және т.б. кіреді. Сондай-ақ «Астана-Арена», «Алау» және «Барыс Арена» мұз сарайларының іргелес аумақтарын кешенді абаттандыру жұмысы тексерілді. 

Айта кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ҚР Ұлттық мұражайы, Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, «Думан» қонақ үйі және «Қазақстан» жеңіл атлетика спорт кешені аумағында өтеді.

Соңғы жаңалықтар