Роман Скляр су дипломатиясын күшейтуді тапсырды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Экологиялық қауіпсіздік мәселелерін шешуде кешенді тәсілдерді қолдану керек. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Роман Скляр су дипломатиясын күшейтуді тапсырды

«Экологиялық қауіпсіздік ұлт денсаулығының басты кепілдерінің бірі. Оны шешуде кешенді тәсілдерді қолдану керек. Оған ел басшылығы үлкен көңіл бөлуде. 2021 жылы жаңа Экологиялық кодекс қабылданды. Өңірлерде экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жол карталары бекітілді. Дегенмен, кәсіпорындарда қолжетімді ұзақ технологияларды пайдалануға көшу жұмысын күшейту қажет. Ел экономикасын терең көміртексіздендіру мақсатында Үкімет 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығы стратегиясының жобасын әзірледі. Дегенмен, еліміздің экономикалық жағдайын ескере отырып, алға қойылған міндеттерді кезең-кезеңімен орындау қажет. Сонымен қатар тарихи ластану орындарын, оның ішінде Қошқар ата қалдық қоймасын жою бойынша басталған жұмыстарды дер уақытында аяқтау керек. Осы ретте министрлікке Маңғыстау облысының әкімдігімен қойманы жою жұмыстарын жеделдетуді тапсырамын», - деді Роман Скляр Экология және табиғи ресурстар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Оның атап өтуінше, халық арасында экологиялық мәдениет қалыптастыру да маңызды. Бұл ретте үкіметтік емес ұйымдармен жұмысты күшейтіп, мүдделі тараптармен іс-қимылды жандандыру қажет.

«Жұмысты келесі аспектісі - су саясатын жүзеге асыру. Климаттың және көршілес мемлекеттерді суды пайдаланудағы өзгерістер су дипломатиясын күшейтуді әрі су ресурстарын тиімді пайдалануды арттыруды талап етеді. Өзбек тарапымен трансшекаралық су нысандарын бірлесіп басқару және пайдалану жөніндегі үкіметаралық келісім жобасының ашық қалған тармақтарын келісуді жеделдету керек», - деді бірінші вице-премьер.