Романовтардың коллекциясы жеті миллион фунтқа сатылды

АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат - Романовтар әулетінің ата-бабасынан мұраға қалған құндылықтары Лондондағы Sotheby's аукционында 7 млн.фунт стерлингке (11,5 млн. доллар) сатылды. Бұл ең жоғары болжамнан жеті есе асып түсті.
None
None

Саудаға 100 лот қойылды, оның ішіндегі ең қымбаты - патшайым Александра Федоровна мен оның жұбайына үйлену мерейтойына сыйға тартылған Фаберженің темекі салатын портсигары болды. Алтыннан жасалып, төрт түрлі түске құбылатын бұл жәдігерлікті АҚШ-тың жеке коллекционері 612 мың фунт стерлингіден астам ақшаға сатып алды.

Соңғы жаңалықтар